Қазақстанға Иордания королі мен Тәжікстан президенті келеді

5-7 қараша аралығында Астанада бірнеше халықаралық кездесу өтеді. Қазақстанға Иордания королі Абдалла II мен Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон келеді, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Иордания Королі Абдалла II бен әл-Хусейн ресми сапармен келеді. Оны Қазақстанға Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы шақырған. Жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында екі елдің сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастығын кеңейту мәселелері талқыланады.
Ал 5-7 қараша аралығында елде Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон ресми сапармен болады. Кездесуде екі ел арасындағы стратегиялық әріптестік пен одақтастық қатынастарды одан әрі нығайту мәселелері қаралады.
Сонымен қатар 6 қарашада Астанада Акаба процесінің саммиті өтеді. Оған бірқатар мемлекеттің басшылары қатысады.
Оқи отырыңыз: Ердоған Қазақстан аспанынан ұшып бара жатып, Тоқаевқа сәлем жолдады