Германияда Берлиндегі қонақүйден министрдің денесі табылды

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
Фото: facebook.com/@HotelNeuerFritzBerlin

4 қарашада Берлиндегі қонақүйлердің бірінен Баварияның экономика министрі әрі премьер-министрінің орынбасары Хуберт Айвангердің денесі табылды. Бұл туралы DW хабарлады деп жазады Kursiv Media.

«Еркін сайлаушылар» партиясының 55 жастағы өкілі Берлинде партия кеңсесінің ашылуында сөз сөйлеуі керек болған. Алайда денсаулығына байланысты бас тартқан. Осыдан кейін мүлде байланысқа шықпайды. Кейін саясаткердің денесі Берлиннің Митте ауданындағы Фридрихштрассе көшесінде орналасқан «Neuer Fritz» қонақүйінің бөлмесінен табылды.

Әзірге саясаткердің өлім себебі анықталған жоқ. Берлин полициясы мен прокуратурасы оның қазасына қатысты мән-жайды және оқиғаға өзге адамдардың қатысы бар-жоғын анықтау үшін тергеу бастады.

Баварияның премьер-министрі Маркус Зёдер әлеуметтік желідегі парақшасында саясаткердің қазасына байланысты көңіл айтты.

«Хуберт Айвангердің кенеттен қайтыс болуы – нағыз қайғылы жағдай. Бәріміз бұл хабардан қатты күйзелдік. Қазір ең алдымен оның отбасы мен балаларына көңіл айтамыз», – деп жазды ол X әлеуметтік желісінде.

Бұған дейін Ресейде қызметінен босаған көлік министрінің өлі табылғанын жазған едік. Сол кезде ресейлік басылымдар ол өзіне қол жұмсауы мүмкін деп жазған еді.

Сондай-ақ оқыңыз