Баласына алимент төлемеген 11 ақтаулық қылмыстық жауапқа тартылды

Ақтауда алимент төлеуден жалтарған борышкерлерден балалардың пайдасына 134,8 млн теңге өндірілді. Қарыз болған әкелердің қымбат мүлкі тәркіленген, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Атап айтқанда, 2 пәтер, 1 жер учаскесі және 3 автокөлік алимент қарызы есебіне өндірілді.
Мәселен, борышкерлердің бірінің алимент бойынша қарызы 37,8 млн теңгеге жеткен. Тексеру барысында оның атында Toyota Land Cruiser автокөлігі бары анықталды. Жеке сот орындаушысы көлікті 25,5 млн теңгеге бағалап, берешекті өтеу мақсатында өндіріп алушының пайдасына берді.
Тағы бір жағдайда борышкердің 13,4 млн теңгеге бағаланған пәтердегі үлесі алимент қарызын өтеу үшін өндіріп алушыға берілді.
Сонымен қатар табысын жасырып, ата-аналық міндеттерін орындаудан жалтарған 46 борышкер әкімшілік жауаптылыққа тартылды. Ал 11 борышкерге қатысты қылмыстық іс тіркелді.
Тағы да оқыңыз: 7 млн теңгеге жуық алимент берешек болған әйелге сот шешімі шықты