Франция жаппай ереуілге дайындалып жатыр

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
unsplash, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

Францияда жалпыхалықтық ереуілге жүздеген мың демонстрант қатысады деп күтіліп отыр, деп жазады Kursiv.Media.

ВВС ақпаратына қарағанда, наразылық акцияларына бес кәсіподақ ұйымы қосылған. Шеру елдің түкпір-түкпірінде өтпек.  

Наразылық акциялары қыркүйек айында жоғары сынып оқушыларының білім беру жүйесіндегі жағдайдың нашарлығы мен ресурстардың жетіспеушілігіне қатысты шағымдарынан басталған. Алайда уақыт өте келе қозғалыс «сары жилеттер» қозғалысына және жұмысшыларға да жайылды.

Билік өкілдері шерулерге 500 мыңнан 700 мыңға дейін адам қатысады деп болжап отыр. Ал Париж қаласының өзінде ондаған мың адам наразылыққа шығуы мүмкін. Кәсіподақ жетекшілерінің бірі бұл күнді «бірліктің ұлы күні» деп атады.

Мемлекеттік және жеке сектордағы бес кәсіподақ ұйымы күш біріктіріп, өмір сүру құнының өсуіне қарсы тұру үшін жалақыны көтеруді және мемлекеттік қызметтердің қорғалуын талап етуде.

Ішкі істер министрі Лоран Нуньес 70 мың полиция қызметкері мен жандарм жұмылдырылатынын мәлімдеп, ықтимал зорлық-зомбылық әрекеттеріне «аса қатаң жауап» берілетінін ескертті.

Кәсіподақтар коалициясы үкіметке қысымды күшейту мақсатында жұмысшыларды, зейнеткерлер мен жастарды бейсенбі күнгі ереуілге қосылуға шақырды.

Франция парламентінің жоғарғы палатасы жаппай наразылық акцияларына қатысушыларға ұжымдық материалдық жауапкершілік жүктеуді көздейтін заң жобасын қабылдады.

Сондай-ақ оқыңыз