Эмомали Рахмон Қазақстанға ресми сапармен келді

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Эмомали Рахмон Қазақстанға ресми сапармен келді / Фото: Ақорда

Тәжікстан Республикасының президенті Эмомали Рахмон ресми сапармен Қазақстанға келді, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Ақорда ақпаратына сүйенсек, Эмомали Рахмонды Астана әуежайынан президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі қарсы алды.

Айта кетейік, бұған дейін белгілі болғандай, Рахмон Астанада 5-7 қараша аралығында ресми сапармен болады. Кездесуде екі ел арасындағы стратегиялық әріптестік пен одақтастық қатынастарды одан әрі нығайту мәселелері қаралады.

Сонымен қатар, 6 қарашада Астанада Акаба процесінің саммиті өтеді. Оған бірқатар мемлекеттің басшылары қатысады.

Аталмыш шараға қатысу үшін бұдан бұрын елге Иордания королі ІІ Абдалла бен әл-Хусейн келіп, президент Тоқаевпен бірге келіссөздер жүргізген еді.

Сондай-ақ оқыңыз