Солтүстік Қазақстан облысында орман өртенуде

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Орманда тұтанған өрт
Солтүстік Қазақстан облысында орман өртенуде / фото: Экология министрлігі

5 қарашада Солтүстік Қазақстан облысының аумағында бір орман өрті тіркелді, деп хабарлайды Кursiv.Media.

Экология және табиғи ресурстар министрлігінің хабарлауынша, өрт ошағын Солтүстік Қазақстан облысында жердегі патрульдеу кезінде мемлекеттік орман күзетінің қызметкерлері анықтаған.

Қазіргі уақытта тілсіз жауды ауыздықтауға орман шаруашылығының мамандары мен арнайы техника жұмылдырылды.

«Қазіргі сәтте өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда, жағдай тұрақты бақылауда», – деп атап өтті ведомство.

Экология министрлігі азаматтарды табиғатқа ұқыпты қарауға және орман алқаптарында өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырады.

Айта кетейік, осыған дейін Экология және табиғи ресурстар министрлігі 3 миллион түп қылқанжапырақты ағаш отырғызуға 300 миллион теңге бағыттауды жоспарлап отырғанын жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз