Қашағанда жаңа газ өңдеу зауыты салынады: «QazaqGaz» ірі келісімшартқа қол қойды

Жарияланды
Business news бөлімінің журналисі
Қашағанда жаңа ГӨЗ салынады
Қашағанда жаңа ГӨЗ салынады / фото: svetland-oil.kz

«QazaqGaz» ұлттық компаниясы Қашаған кен орнында жылына 2,5 миллиард текше метр қуаттылығы бар жаңа газ өңдеу зауытын салуға маңызды қадам жасады. Қытайда ресми түрде EPCC-келісімшартына қол қойылды, деп хабарлайды Kursiv.Media компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

6 қарашада «QazaqGaz» басшысы Әлібек Жамауовтың ҚХР-ға жұмыс сапары барысында тиісті құжатқа қол қойылды.

Келісім ұлттық компанияның еншілес құрылымы «QazaqGaz Processing» ЖШС мен халықаралық консорциум арасында жасалды. Оның құрамына қытайлық гиганттар China Wuhuan Engineering мен China National Chemical Engineering Sixth Construction филиалы, сондай-ақ қазақстандық «AVC Production» ЖШС мен «C-NRG» ЖШС компаниялары кірді.

Жаңа ГӨЗ-ді іске қосу Қашаған кен орнынан өндірілетін газ көлемін игеруді арттыруға, ішкі нарықтағы тауарлық және сұйытылған газ тапшылығын жоюға, сондай-ақ өнеркәсіп пен коммуналдық секторды шикізатпен қамтамасыз ету арқылы өңірдің энергетикалық қауіпсіздігі мен экономикасын нығайтуға мүмкіндік береді.

Бұған дейін компания басшысы Қашағанда қуаты жылына 1 млрд текше метр газ өңдейтін зауытының құрылысы 2027 жылы аяталып, үшінші тоқсанда пайдалануға берілетінін хабарлады.

Сондай-ақ оқыңыз