Қыркүйекте Ұлттық банк тағы 5 тонна алтын сатып алды

Қыркүйекте Қазақстанның Ұлттық банкі тағы 5 тонна алтын сатып алды. Республика жыл басынан бері бағалы металды сатып алу көлемі бойынша төртінші орынды иеленіп келеді, деп хабарлайды Kursiv.Media.
World Gold Council (WGC) есебінің мәліметтеріне сәйкес, қыркүйекте әлем елдерінің орталық банктері алтын сатып алуды тоқтатпаған. Олар бір айда таза 61 тонна алтын сатып алған. Бұл 2026 жыл басталғалы бергі ең рекордтық айлық көрсеткіш.
Таза сатып алулар бойынша Польша мен Қытай көш бастап тұр, олар қорды тиісінше 25 және 23 тоннаға арттырды. Одан кейін Өзбекстан (+7 тонна) мен Қазақстан орналасқан. Ұлттық банк қыркүйекте 5 тонна алтын сатып алды.
Жыл басынан бері де жағдай осыған ұқсас. Польша мен Қытай таза түрде 100 тоннадан астам алтын сатып алса, Өзбекстан – 50 тоннадан астам, ал Қазақстан – шамамен 41 тонна алтын алды. Ұйым сонымен қатар Чехия, Сингапур және Чилиді де өздерінің алтын резервтерін екі таңбалы көлемде ұлғайтқан елдер ретінде атап өтті. Ал бұл уақытта Түркия мен Ресей өздерінің алтын қорын белсенді түрде сатуда.
Ұлттық банк алтын сатуды жоспарлап отыр
12 қазанда Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова Bloomberg агенттігіне берген сұхбатында Қазақстанның халықаралық резервтерін әртараптандыру үшін алтын сатуды көздеп отырғанын хабарлады.
Ұлттық банк басшысы Тимур сүлейменов Қазақстан алтынның резервтегі үлесін 70%-ға дейін қысқартатуды көздеп отырғанын айтқан еді. Ал қазір резервтегі алтынның үлесі 80 пайызға жуықтады.