Алтын, облигация және акция: Ұлттық қор активтері қандай құралдарға инвестицияланған

Жарияланды
Business news бөлімінің редакторы
Фото: shutterstock

2026 жылдың ІІ тоқсанындағы дерекке сәйкес, Ұлттық қор активтері 65,5 млрд долларды құраған. Қаржы министрлігінің статистикалық бюллетенінде елдің бас қаржы қорындағы активтер құрылымы бірнеше негізгі бағыт арасында бөлінгені жазылған.

Қор активтерінің негізгі бөлігін құрайтын жинақ портфелінің жалпы көлемі 62,1 млрд АҚШ долларына жетті.

Жинақ портфеліндегі басым үлес облигациялар еншісіне тиесілі, бұл құралдың нарықтық құны 31,3 млрд АҚШ долларын құрап, портфельдің 50,4 пайызын иеленді.

Акциялар портфельдің 39,6 пайызын қамтып, олардың құны 24,6 млрд АҚШ долларына тең болды.

Сондай-ақ жинақ активтерінің ішінде нарықтық құны 3,9 млрд долларын құрайтын алтын активтері 6,3 пайыз үлесті құраса, 2,3 миллиард АҚШ долларына бағаланған балама құралдардың үлесі 3,7 пайызға тең.

Ұлттық қордың тұрақтандыру портфелінің нарықтық құны есепті тоқсанда 5,7 млрд АҚШ долларын құрап, толығымен ақша және ақша нарығының құралдарынан қалыптасты.

Оған қоса, қор құрылымындағы нысаналы талап (бюджетке бөлінетін трансферт) көлемі 2,3 млрд доллар деңгейінде белгіленген.

Болжам бойынша, 2029 жылға қарай қор активтері 70,6 млрд долларды құрауы мүмкін. Өйтткені алдағы үш жылда «қауіпсіздік жастығынан» 6,5 трлн теңге алынады.

Сондай-ақ оқыңыз