Ақтөбеде 26 жастағы әйелді күйеуі тұншықтырып өлтірді

Ақтөбеде 26 жастағы әйелді өлтіру дерегі бойынша тергеу амалдары жүргізілуде, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Halyqstan ақпаратына қарағанда, алдын ала мәлімет бойынша, оны 31 жастағы бұрынғы күйеуі тұншықтырып өлтірген. Марқұмның артында төрт жасар қызы қалды.
Қылмыс Есет батыр шағын ауданында болған. Ақтөбе облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Әсет Қалиевтің хабарлауынша, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған.
«Алдын ала анықталғандай, қылмыс бұрынғы ерлі-зайыптылар арасындағы тұрмыстық жанжал салдарынан жасалған. Айта кету керек, бұған дейін полицияға тұрмыстық жанжалдарға қатысты ешқандай арыз-шағым, өтініш немесе дабыл түспеген», – деді Әсет Қалиев.
Ал Алматыда балаларының көзінше әйеліне 39 рет пышақ сұққан бұрынғы полицей 15 жылға сотталды.