Қазақстанға 2027 жылғы қажылық маусымына 4300 орын бөлінді

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
фото: ҚМДБ

Қазақстанға 2027 жылғы қажылық маусымына 4300 орын бөлінді. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Бөлінген орын саны Сауд Арабиясы Корольдігінің Қажылық және умра министрлігімен жасалған келісім аясында бекітілді. Құжатқа Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мен Сауд Арабиясының Қажылық және умра министрі Тауфиқ бин Фаузан әр-Рабиа қол қойды.

Келісімде қазақстандық қажылардың сапарын ұйымдастыру, оларды орналастыру және тасымалдау, сондай-ақ қажылық кезінде көрсетілетін қызметтердің сапасын қамтамасыз ету мәселелері қамтылған.

Сонымен қатар тараптар қажылардың қауіпсіздігін сақтау және медициналық талаптардың орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді айқындады.

Оқи отырыңыз: 2027 жылы қазақстандықтарды қажылыққа 4 туроператор ғана апара алады

Сондай-ақ оқыңыз