Ұлыбритания 20 мың шетелдік қылмыскерді елден шығара алмай отыр

Жарияланды
санкции Великобритании
Қылмыскерлерді Ұлыбританиядан депортациялау қиынға соғып жатыр/ Фото: Shutterstock

Ұлыбританияда жазасын өтеп шыққан 20 мыңға жуық шетел азаматы өздеріне қатысты депортация туралы шешімі болғанына қарамастан, елде тұрып жатыр, деп хабарлайды Kursiv.Media.

The Times мәліметінше, соңғы жылдары шетелдік қылмыскерлерді елден шығару қарқыны артқан. Атап айтқанда, депортацияланғандар саны 2020 жылғы 8 мыңнан 2025 жылы 36 мыңға дейін өскен. Алайда елден шығарылғандардың 30%-ы ғана шетелдік қылмыскерлер.

2025 жылғы маусымдағы деректер бойынша, депортация туралы ордер шығарылғанына қарамастан, 20 мыңға жуық шетелдік құқық бұзушы бостандықта жүрген. Кейбір елдердің азаматтарын мәжбүрлі түрде қайтару көрсеткіші өте төмен. Мысалы, Нигерия мен Ямайка азаматтарын депортациялау деңгейі 5%-дан төмен. Ал Сомали, Сьерра-Леоне және Конго бойынша бұл көрсеткіш 0,6-2,7% аралығында.

Сонымен қатар 2025 жылы Ла-Манш бұғазы арқылы қайықпен Ұлыбританияға 41 мыңнан астам заңсыз мигрант келген. Бұл 2022 жылғы рекордтық көрсеткіштен кейінгі ең жоғары деңгей. Сол жылы ел жағалауына 45,7 мыңнан астам мигрант жеткен.

Ел билігі баспана сұраушыларды қонақүйлерге орналастыруға күн сайын бірнеше миллион фунт стерлинг жұмсайды. 

Оқи отырыңыз: Грузия рұқсатсыз жұмыс істеген қазақстандықтарды елден шығара бастайды

Сондай-ақ оқыңыз