Краковта алты адамды атып өлтiрген күдікті ауруханада көз жұмды

Жарияланды
Business news бөлімінің журналисі
Краковта алты адамға оқ атқан күдікті ауруханада көз жұмды
Краковта алты адамға оқ атқан күдікті ауруханада көз жұмды / фото: Jakub Porzycki | Scanpix

7 қарашада Краков қаласының орталығында көшедегі адамдарға оқ отқан 24 жастағы Михал Оксиньский ауруханада қайтыс болды. Бұл туралы Малополь облыстық полициясы хабарлады, деп жазады Kursiv.Media.

Полиция қызметкерлері күдіктіні ұстау кезінде оған от атқан. Кейін ол жараланып, ауруханаға жеткізілген. Малополь облыс басшысының айтуынша, күдіктінің жағдайы өте ауыр болған, оған кем дегенде үш операция жасалған.

Шабуыл салдары және зардап шеккендер

Қала орталығында болған атыс салдарынан 6 адам қаза тапты. Олардың төртөуі Польша азаматтары (61, 47 және 53 жастағы әйелдер, сондай-ақ 50 жастағы ер адам), біреуі 32 жастағы Ұлыбритания азаматы және тағы бірі 51 жастағы Австрия азаматы.

Тағы 16 адам түрлі жарақат алды. Зардап шеккендердің арасында Австрия, Германия, Португалия, Ресей және Ұлыбритания азаматтары бар. Қазіргі уақытта 14 адамның жағдайы тұрақты. Шабуылдаушыны құрықтауға қатысқан екі полицейдің бірі ауыр жағдайда жатыр, ал екіншісінің жағдайы тұрақты деп бағалануда.

Үйінен отбасының мәйіті табылған

Полиция қылмыскердің үйін тексеру кезінде оның 53 жастағы әкесінің, 52 жастағы анасының және 21 жастағы қарындасының мәйітін тапты. Алдын ала болжам бойынша, олар да атыс қаруынан қаза тапқан. Сондай-ақ пәтерден 7 дана қару табылды. Қылмыскердің бұрын сотталмағаны, бірақ қару ұстауға ресми рұқсаты болғаны белгілі болды.

Оқиға қалай болды?

7 қарашада қылмыскер Краковтың басты базар алаңына Subaru автокөлігімен басып кіріп, қарудан адамдарға оқ жаудырған.

Польша Корғаныс министрі Владислав Косиняк-Камыш оқиғаны Краков тұрғындарына қарсы жасалған «террорлық акт» деп атады.

Қайығылы жағдайға байланысты елде 8-9 қараша күндері ұлттық аза тұту жарияланды.

Сондай-ақ оқыңыз