Елде психологтарға арналған Этикалық кодекс қабылданды

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
General News бөлімінің журналисі
Психологи сомневаются в новых тестах для школьников в Казахстане
фото: shutterstock

Психологтардың Этикалық кодексі қабылданды. Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі 2026 жылдың 31 қарашасында тиісті бұйрыққа қол қойды. Әділет министрлігі құжатты 2 қарашада тіркеуге алды, деп жазады Kursiv.Media.

Кодекс бойынша психологтардың кәсіби жүріс-тұрысы ортақ ережеге бағынады. Ол ережелер Қазақстанда психологиялық қызмет көрсететін барлық маманға қатысты.

Психологтарға қандай тыйым бар?

Басты ереженің бірі – клиентке уәде беруге қатысты. Енді психологтар өз қызметтерін жарнамалағанда нақты бір нәтижеге жетесіз деп кепілдік беруге заңды түрде тыйым салынады. Одан бөлек медициналық диагностика жүргізіп, медикаментозды ем тағайындауға, адам санасына әсер ететін психоактивты әдістер пайдалануға (гипноз тәрізді) тыйым салынады.

Сондай-ақ мамандарға мына ережелерге тыйым салады:

  • Медициналық араласуды қажет ететін психикалық немесе мінез-құлық бұзылыстарының белгілері бар адамдарға психологиялық көмек көрсетуге;
  • Тиімділігі мен қауіпсіздігі ғылыми деректермен дәлелденбеген әдістерді қолдануға;
  • Клиенттерге өзінің біліктілігі, тәжірибесі және жұмыс барысында қолданатын әдістері туралы жалған ақпарат беруге;
  • Кемсітуге, қатыгездік көрсетуге немесе адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлайтын әрекеттерге жол беруге тыйым салынады.

Егер психолог клиенттен медициналық араласуды қажет ететін психикалық ауытқушылық белгілерін байқаса, психиатр дәрігерге бағыттауы керек.

Сондай-ақ мамандар тек өзінің кәсіби құзыреті аясында жұмыс істеуге міндетті. Мүдделер қақтығысы туындаған жағдайда, мәселені шешуге оның біліктілігі жетпесе, ол көмек беруден бас тартуы тиіс.

Клиенттердің қандай құқығы бар?

Кодексте психологиялық көмек алу еркіндігі деген қағида бекітілген. Яғни адамды консультация алуға мәжбүрлемек керек және клиент өзі қалаған жағдайда психологпен жұмысты тоқтата алады. Ал қызмет көрсетпей тұрып маман клиенттің немесе оның заңды өкілінің келісімін алу қажет.

Психологтар құпиялылық талаптарын да сақтауға міндетті. Олар заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, консультация кезінде алынған ақпаратты жария етпеуі керек.

Балалармен және онлайн жұмыс істейтін психологтарға қандай талап қойылады?

Кәмелетке толмағандармен, сондай-ақ сот шешімімен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған адамдармен жұмыс істейтін мамандарға бөлек талаптар белгіленген.

Психолог клиенттің жасын, денсаулық жағдайын, жеке ерекшеліктері мен пікірін, сондай-ақ оның заңды өкілінің ұстанымын ескеруі тиіс. Егер баланың, психологиялық көмек алушының немесе басқа адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнсе, заңда көзделген жағдайларда маман тиісті органдарға дереу хабарлауға міндетті.

Кодексте онлайн-консультация өткізу тәртібі де қарастырылған. Қашықтан кеңес беруді бастамас бұрын психолог клиентке қызмет көрсету шарттары мен онлайн форматтағы ықтимал тәуекелдер туралы ақпарат беруге тиіс.

Сондай-ақ онлайн-платформалар арқылы жұмыс істейтін мамандар психологиялық қызмет, онлайн-платформалар және жарнама саласындағы заңнама талаптарын сақтауы қажет.

Оқи отырыңыз: Коучтардың дәурені бітті: енді дипломы жоқтар өзін «психолог» деп атай алмайды

Сондай-ақ оқыңыз