Алматыда «жазасыз қалатынын айтқан» жүргізуші әйел ұсталды

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Алматыда «жазасыз қалатынын айтқан» жүргізуші әйел ұсталды / Фото: Shutterstock

Алматыда әлеуметтік желіде жол ережесін өрескел бұзып, жазасыз қалатынын айтып видео жариялаған әйел ұсталды, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Қалалық Полиция департаментінің ақпаратына сүйенсек, тексеру барысында оның бұрын сот шешімімен көлік жүргізу құқығынан айырылғаны белгілі болды.

Видеодан әйелдің қауіпсіздік белдігін тақпай, бұл талапты орындаудан бас тартқаны көрінеді. Тәртіп сақшылары оны дереу анықтап, көлігін арнайы тұраққа алып кетті.

Жүргізушіге қатысты көлік жүргізу құқығынан айырыла тұра рөлге отыру, қауіпсіздік белдігін пайдалану ережелерін бұзу, сот шешімін орындамау, жалған ақпарат тарату туралы іс қозғалды.

Сондай-ақ, көліктің иесі де көлік басқару құқығынан айырылған адамға рөлді бергені үшін жауапкершілікке тартылды. Барлық жиналған материалдар шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді.

Айта кетейік, осыған дейін Оралда 15 минутта бірнеше рет ереже бұзған жүргізуші жауапқа тартылған еді.

Сондай-ақ оқыңыз