Бала туғаннан кейін бір жыл несие төлемеуге рұқсат беру ұсынылды

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
фото: shutterstock

Қазақстан халық кеңесінің мүшесі Мұрат Әбенов бала туғаннан кейін несие төлемдерін тоқтата тұру туралы ұсыныс жасады. Ол кейінгі жылдары елде бала туу деңгейі төмендегенін айтып, несиені «қарыз контрацепциясы» деп атаған.

«Барлық кредитті кешіру керек деп отырған жоқпын. Бала дүниеге келген сайын жас отбасының қарыз жүктемесі азаюы керек. Бірінші бала туған кезде отбасының табысы төмендесе, 6 немесе 12 айлық кредиттік демалыс беруді ұсынамын», – деген Халық кеңесінің мүшесі әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айта кетейік, 2027 жылдан бастап кей адам жәрдемақының 14 түрінен қағылады. Бұл әлеуметтік төлемдер отбасылардың экономикалық жағдайына қарай беріледі. Оның ішінде бала туғанда берілетін бір реттік төлем, бала бір жарым жасқа толғанша берілетін жәрдемақы, көпбалалы анаға берілетін жәрдемақы да бар. 

Сондай-ақ оқыңыз