«ҚазАвтоЖол» қысқы маусымға дайын ба

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
Фото: kursiv.media, Асқар Ахметуллин

Қыс түскенде республикалық маңызы бар жолдарда қар тазалау мен көктайғаққа қарсы күрес жұмыстары күшейеді. Биыл бұл міндеттерге 1 966 жаңа техника жұмылдырылып, қар басу қаупі жоғары жолдардың ұзындығы да қысқарған. «ҚазАвтоЖол» қысқы маусымға дайындығы туралы мәлімдеді, деп жазады Kursiv.Media.

Ұлттық компанияның басқарма төрағасы Дархан Иманашевтың айтуынша, арнайы жол техникасы 96%-ға дайын. Қысқы жұмыстарға құрама жол машиналары, автогрейдерлер, тиегіштер, қар тазалағыштар мен тракторлар тартылады.

«Соңғы екі жылда жол қызметтерінің техника паркі 1 966 жаңа техникамен толықты. Бұл қыс мезгілінде жолдарды күтіп ұстау мүмкіндігін едәуір арттырды. Қысқы маусымға қажетті материалдар қоры да толық дайындалды», – деді Дархан Иманашев.

Оның сөзінше, жол қызметтері ауа райы күрт нашарлаған жағдайда да тәулік бойы жұмыс істеуге дайын.

Қар басу қаупі азайған

Компания мәліметінше, 2023-2026 жылдары қар басу қаупі жоғары жолдардың ұзындығы 16%-ға, яғни шамамен 400 шақырымға қысқарған.

Сонымен қатар қар тоқтататын тұрақты қоршаулардың ұзындығы екі еседен астам артып, 403 шақырымнан 832 шақырымға жетті. Қазір жол бойында 6 063 шақырым қар тоқтататын орман белдеуі мен 101 шақырым уақытша қорғаныш қалқаны бар.

Тағы да оқыңыз: Елдегі қай трассаларда орташа жылдамдық өлшенеді және ақылы жол құны қанша

Сондай-ақ оқыңыз