Президент бір тілді басқа тілге қарсы қоюды «күнә» деп атады

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
қазақ тілі
фото: gov.kz

Президент «Қазақ тілі» қоғамының құрылтайында қазақ тілі, тілді пайдаланатын арандатушыларды жауапқа тарту туралы айтты, деп хабарлайды KursivMedia.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, қазақ тілін дамыту елдегі өзге тілдердің дамуына кедергі келтіру дегенді білдірмейді. Сондай-ақ ана тілді басқа тілдерге қарсы қоюға болмайды.

«Тілдерді пайдаланып, қоғамдық жанталас, жанжал жасағысы келетін арандатушылар өте қауіпті істермен айналысып жүр. Сондықтан оларды «Заң мен тәртіп» қағидасына сәйкес жауапкершілікке тарту керек», – деді президент. 

Сөзінше, бір тілді басқа тілге қарсы қоюға болмайды, бұл – үлкен күнә. 

Бұған дейін президент кейбір сөздің аудармасына қатысты пікір білдірді. Одан бөлек дінге қатысты сөздердің орнына араб сөздерін қолдану сәнге айналғанын айтты. 

Сондай-ақ қазақ тілі орфографиясын ретке келтіру жұмысын 2027 жылдың соңына дейін аяқтауды тапсырды. 

Сондай-ақ оқыңыз