Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге жетті

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге жетті / Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі отырысына қатысу үшін Ресей астанасы Мәскеу қаласына барды, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Ақорда ақпаратына сүйенсек, президентті әуежайда Ресей Федерациясы Үкіметінің ресми тұлғалары қарсы алды. Сапар аясында Тоқаев ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының саммитіне қатысады деп жоспарланған.

Айта кетейік, аталмыш ұйымға Қазақстаннан бөлек, Ресей, Беларусь, Қырғызстан мен Тәжікстан кіреді. Осыған дейін Армения ұйымнан шығатыны туралы жазған едік. Ел премьер-министрі Никол Пашинянның сөзінше, ҰҚШҰ Армения алдындағы қауіпсіздік саласындағы міндеттемелерін орындамаған.

Сондай-ақ оқыңыз