Nvidia акционерлері Дженсен Хуангқа қарсы сотқа шағым түсірді

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
фото ЖИ арқылы жасалған

Америкалық Nvidia корпорациясының акционерлері компания мен оның бас директоры Дженсен Хуангты сотқа берді. Инвесторлар басшылықты маңызды ақпаратты жасырды деп айыптап, акция құнының төмендеуінен келген шығынды өтеуді талап етіп отыр. Бұл туралы Reuters хабарлады.

Сотқа шағым түсірген акционерлердің айтуынша, Nvidia басшылығы Дженсен Хуангтың Алиса Хуангпен жеке байланысын инвесторлардан жасырған. Инвесторлар бұл жағдай Nvidia компаниясының беделіне және қаржылық жағдайына қауіп төндіруі мүмкін деп санайды. Олардың пікірінше, басшылық маңызды ақпаратты жарияламай, инвесторларды жаңылыстырған.

Жанжал туралы ақпарат тарағаннан кейін 9 қарашада Nvidia акциялары 4,3%-ға арзандады. Соның салдарынан компанияның нарықтық құны шамамен 190 млрд долларға қысқарды.

Инвестор Марк Кистенмахер бастаған акционерлер соттан келген шығынды өндіріп беруді сұрайды. Әзірге олар талап етіп отырған өтемақының нақты көлемі жарияланған жоқ.

Еске салайық, осыдан үш күн бұрын миллиардер ұзақ уақыт әйелінің көзіне шөп салып жүргенін мойындады. Бұл мәлімдемесі халықаралық дауға айналды. Хуангтың нақсүйері Алиса Хуанг бұған дейін Сингапурдағы Megaspeed компаниясын басқарған. Ал АҚШ билігі бұл компанияны Қытай барлау қызметімен байланысы болуы мүмкін деп күдіктенеді.

Осы жайттардан кейін АҚШ Конгресінің өкілдері миллиардерді шақырып, түсініктеме алмақшы.

Сондай-ақ оқыңыз