Жетісуда төртем босанған келіншекке үш бөлмелі пәтер берілді

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
фото: Жетісу облысы әкімдігі

Жетісу облысында төртем дүниеге келген отбасына үш бөлмелі пәтер берілді. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Мәрлен Көлбаев жеке парақшасында жазды, деп хабарлайды Kursiv.Media.

«Батырларды анасымен бірге бүкіл ауыл, қауым болып қарсы алдық. Облыс әкімінің тапсырмасымен арнайы барып, жиналған қауыммен бірге шашуын шашып, батырларға коляскаларын, конверт көрпешелерін, ата-анасына түрлі түсті теледидар және аудан орталығынан 3 бөлмелі су жаңа пәтердің кілтін табыстадым», – деп жазды ол.

Жаңа пәтерде балаларға балаларға жататын манеж-төсегі де берілді. Алдағы уақытта балалардың денсаулығын қадағалауға арнайы 1 дәрігер мен 1 медбике бекітілді. Одан бөлек балаларды қарайласуға қосымша 1 көмекші адам болады.

Еске салайық, қыркүйекте 31 жастағы жетісулық келіншек төртем туғанын жазған едік. Келіншекті кесарь тілігімен босандырып алған. Сәбилерге Арлан, Арсылан, Әлихан және Әмірхан деген ат қойылды.

Сондай-ақ оқыңыз