Шөбересін зорлағаны үшін сотталған 82 жастағы зейнеткер үкімді өзгерткісі келді
Жарияланды

2026 жылдың қаңтарында Астанада 82 жастағы зейнеткерге сот үкімі шықты. Ол жеті жастағы шөбересін зорлағаны үшін кінәлі деп танылды.
Ер адам қылмысты үйдің ішінде қыз жеті жасқа толған күні жасаған. Туыстары бір үйге жиналып, 2025 жылдың 6 сәуіріне қараған түні қыздың туған күнін тойлаған. Ер адамды қылмыс үстінде туыстарының бірі ұстаған.
Алайда зейнеткер шыққан үкімге келіспей, алдымен апелляциялық, содан кейін кассациялық сотқа жүгінген. Кассациялық соттың баспасөз қызметі KursivMedia тілшісіне істің жабық режимде қаралғанын растады.
NeMolchi қорының хабарлауынша, 2026 жылдың 10 қарашасында үкім өзгеріссіз қалды.
Қыз қазір 8,5 жаста. Дәрі-дәрмекпен ем қабылдап жатыр. Осы іс қаралып жатқан кезде қыздың әкесі дүниеден өткен.