Мұхтар Шахановтың кесенесіндегі құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын

Жарияланды 11 Қараша 2026 10:47

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General news бөлімінің журналисі r.mutairov@kursiv.media
коллаж: kursiv.media

Ақын Мұхтар Шахановтың кесенесіндегі негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды. Қазір нысанды ұлттық нақыштағы ою-өрнектермен безендіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Kursiv Media.

Кесененің қазіргі жағдайы бейнеленген видеоны сәулетші Ермұқанбет Алиев әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

«Мұхтар Шаханұлының кесенесі аяқталуға жақын», – деп жазды сәулетші.

Жарияланған мәліметке сәйкес, кесененің негізгі құрылыс кезеңі аяқталған. Ендігі кезекте нысанның сәулеттік келбетін толықтыратын сәндік жұмыстар қолға алынған.

Атап айтқанда, кесене ұлттық нақыштағы ою-өрнектермен безендіріліп жатыр. Бұл элементтер нысанның сәулеттік ерекшелігін айқындап, қазақтың дәстүрлі өнерімен үндестіруге бағытталған.

Еске сала кетейік, Мұхтар Шаханов 2026 жылдың 19 сәуір күні дүниеден өткен еді. Ақын өз өсиеті бойынша Түркістан облысы, Отырар ауданында жерленді.

Сондай-ақ оқыңыз