Ғылым саласындағы аудиттен кейін кімдер қызметінен босатылды

Жоғары аудиторлық палата ғылым саласына бөлінген қаражаттың тиімділігіне қатысты жүргізілген аудиттен кейін кімдер қызметінен босатылғаны белгілі болды, Kursiv.Media
«Жоғары аудиторлық палата жүргізген аудит нәтижесінде 51 млрд теңгенің қаржылық заң бұзу анықталды. Оның 37,7 млрд теңгесі аудит барысында қалпына келтірілген. Қалған қаражатты 2027 жылдың бірінші тоқсанында қайтару жоспарланып отыр», – деді құрылтайда өткен баспасөз мәслихатында жоғары аудиторлық палатаның мүшесі Нұрлан Нұржанов.
Оның айтуынша, аудит қорытындысы бойынша екі адам тәртіптік жауапкершілікке тартылып, төрт лауазымды тұлға қызметінен босатылған. Тағы 32 адамға қатысты әкімшілік жауапкершілік шаралары қаралған.
Сонымен қатар аудит материалдарының үшеуі процессуалдық шешім қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жолданған.
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің айтуынша, қызметінен босатылғандардың қатарында ғылым комитетінің төрағасы, ұлттық сараптама және ғылыми-техникалық ақпарат орталығының басшысы мен ғылым қорының жетекшісі бар.
Министр ғылыми процестерге жауапты өзге де тұлғаларға қатысты кадрлық шешімдер қабылданғанын айтты.
Тағы да оқыңыз: Ғылымға бөлінген 47 млрд теңге бюджет қаражаты тиімсіз жұмсалған – Смайылов