Абу-Дабидегі келіссөздердің екінші күні: Украина АҚШ-тың ұсынысынан бас тартты

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
Абу Даби келіссөздер
Абу-Дабидегі келіссөздер / Фото: Григорий Сысоев/РИА Новости

Абу-Дабидегі келіссөздердің екінші күні аяқталды. Украина билігі АҚШ-тың Донецк пен Луганск облыстарының әкімшілік шекарасын қайта қарау туралы ұсынысына келіспеді. Бұл туралы келіссөздерге жақын дереккөзіне сілтеме жасаған The Telegraph басылымы жазады.

Редакция дерегінше, америкалықтар аумақтық келісімге келуді ұсынған. Яғни Донецк және Луганск шекараларын өзгертіп, сол арқылы Ресей Донбасстағы соғыс линиясын бақылауына алуы керек. Сонда ұстап отырған қалалары Украинаның өзінде қалады. Бірақ Киевтен барған делегация де-факто да, де-юре де бұл келісімге келмейтінін білдірді.

Кей басылымдардың жазуынша, келіссөздер бүгін аумақтық тұтастыққа қатысты болуы керек. Әзірге делегация өкілдері келіссөздерде не айтылып жатқанын ашып айтпады, барлығы жабық режимде өтіп жатыр.

Ресей, АҚШ және Украина арасындағы үшжақты келіссөздер 10 қарашада Абу-Дабиде басталған. Ресей делегациясын Ресей президентінің көмекшісі Владимир Мединский басқарады. Украина делегациясының басшысы – сыртқы барлау қызметінің жетекшісі, бұрынғы қорғаныс министрі Рустем Умеров.

АҚШ атынан келіссөздерге президенттің арнайы өкілі Стив Уиткофф пен АҚШ-тың бейбіт миссиялар жөніндегі арнайы өкілі Джаред Кушнер қатысады.

Сондай-ақ оқыңыз