Мұнай құбырларындағы заң бұзу: бюджетке 3,3 млрд теңге қайтарылды

Жарияланды
фото: KursivMedia

«Кеңқияқ – Құмкөл» және «Атасу – Алашанкоу» магистральдық мұнай құбырлары арқылы тасымалдау кезінде салық заңнамасының бұзылғаны анықталды. Ол бойынша бюджетке 3,3 млрд теңгеден астам қаржы түсті, деп жазады Kursiv.Media.

Тексеру барысында мұнай тасымалдау кезіндегі технологиялық ерекшеліктер мен өлшеу қателерінен пайда болған артық көлем бухгалтерлік есепте толық көрсетілмегені белгілі болды. Соның салдарынан активтердің құны төмендетіліп, салық міндеттемелері толық орындалмаған.

Бас көлік прокуратурасының ұсынуынан кейін энергетика министрлігі басқа да мемлекеттік органдармен бірлесіп, анықталған заң бұзуды жоюға кірісті.

Атап айтқанда, түгендеу нәтижесінде 92 мың тоннадан астам мұнай бухгалтерлік есепке енгізілді. Салық есептілігіне тиісті өзгерістер енгізіліп, соның негізінде 2,9 млрд теңге корпоративтік табыс салығы есептелді.

Бұдан бөлек, мүлік салығы бойынша өсімпұлды қоса есептегенде бюджетке 300 млн теңгеден астам қаражат түсті.

Қазір магистральдық құбыр көлігі саласындағы заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету жұмыстары жалғасып жатыр.

Оқи отырыңыз: Тоғыз айдың ішінде ел тұрғындарына 2,17 млрд теңгеден астам қаражаты қайтарылған

Сондай-ақ оқыңыз