Армения ҰҚШҰ-дағы дауыс беру құқығынан айырылды – Кремль

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Unpaid dues could cost Armenia its voting rights in CSTO
Армения ҰҚШҰ-дағы дауыс беру құқығынан айырылды – Кремль / Фото: ЖИ көмегімен жасалған

Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына (ҰҚШҰ) мүше мемлекеттер Арменияны дауыс беру құқығынан айыру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Kursiv.Мedia.

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеуінше, бұл шешім Ереванның ұйым алдындағы міндеттемелерін бірнеше жыл бойы орындамауына байланысты қабылданған. Енді Армения дауыс беру құқығынан ғана емес, ҰҚШҰ-дағы жауапты лауазымдарға өз өкілдерін тағайындау мүмкіндігінен де айырылды.

Ұйымның Бас хатшысы Таалатбек Масадыков Армения 2024 жылдан бері мүшелік жарналарды төлемегенін атап өтті. Жарғының 25-бабына сәйкес, берешек 2 жылдан асса, ел дауыс беру құқығынан айырылады. Дегенмен Армения ұжымдық қауіпсіздік құқығын сақтап қалады. Жарна толық өтелсе, елдің құқықтары қайта калпына келтіріледі.

Армения премьер-министрі Никол Пашинян бұған дейін елдің ҰҚШҰ-дан шығарылуын оң қабылдайтынын мәлімдеген. Оның айтуынша, Ереван жақын 5 жылда ұйымдағы жұмысын қайта жандандыруды жоспарлап отырған жоқ.

Айта кетейік, осыған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуде өткен ҰҚШҰ саммитіне қатысқаны туралы жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз