Мажарстанда Виктор Орбанның інісі қамауға алынды

Жарияланды
Экс-премьердің інісі қамауға алынды/ Фото: Unsplash, бильд-редактор: Дастан Шанай

Мажарстан соты елдің бұрынғы премьер-министрі Виктор Орбанның інісі Арон Орбанды бір ай мерзімге қамауға алу туралы шешім шығарды,  деп хабарлайды Kursiv.Мedia.  

Мажарлық БАҚ-тың хабарлауынша, бұл туралы Будапешт қалалық сотының ресми өкілі Гергё Бозо мәлімдеген.

Арон Орбанға саудада ықпал ету мен заңсыз көші-қонға жәрдемдесу күдігі тағылып отыр.

Осындай бұлтартпау шарасы оның болжамды сыбайластарының біріне де қолданылған. Тағы бір күдікті үйқамаққа алынса, төртінші фигурант босатылған.

Гергё Бозоның айтуынша, сот барлық күдіктіге қатысты айыптауларды негізді деп тапқан. Бұлтартпау шарасын таңдау кезінде күдіктілердің бой тасалауы немесе сот төрелігінен жалтаруға әрекет жасауы мүмкін екені ескерілген.

Тергеу материалдарына сәйкес, Арон Орбан мен оның серіктестері Вьетнам азаматтарына ақылы түрде Еуропаға қоныс аударуға көмектескен.

Атап айтқанда, Мажарстан елшіліктері арқылы Шенген визаларын алуға жәрдемдескен деген күдік бар.

Болжам бойынша, 2024 жылы бұл қызметті 100-ден астам адам пайдаланған.

Оқи отырыңыз: Мажарстанды 16 жыл басқарған Орбан биліктен кетті: оппозиция сайлауда жеңді

Сондай-ақ оқыңыз