Усман Нұрмағамедовтің командасы Мераб Двалишвилиді соққыға жықты (видео)

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
UFC
видеодан скрин

UFC ұйымының бұрынғы чемпионы Мераб Двалишвили Абу-Дабидегі қонақүйлердің бірінде топ болып жасалған шабуылға ұшырағанын мәлімдеді. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Грузиялық спортшы өзін және досын PFL чемпионы Усман Нұрмағамедов пен оның қасындағы адамдар соққыға жыққанын айтты, деп хабарлайды Kursiv Media.

Двалишвилидің сөзінше, ол қонақүй холында сұхбат беріп тұрған кезде бір топ адам артынан келіп, шабуыл жасаған. Спортшы күзет қызметкерлері өзін ұстап тұрған сәтте де қарсы тараптың соққы жасауын тоқтатпағанын мәлімдеді.

«Олар біз жерде жатқан кезде де тебуін тоқтатпады. Қандай еркек мұндай әрекетке барады? Төбелескілерің келсе, еркекше төбелесіңдер. Менің жағдайым жақсы, мен жауынгермін», – деп жазды Двалишвили.

Оқиғаға UFC файтері Илия Топурия да пікір білдіріп, Усман Нұрмағамедов пен оның командасының ұсталғанын хабарлады.

Әзірге UFC басшылығы мен Нұрмағамедовтің өзі де оқиғаға қатысты пікір білдіргені туралы мәлімет жоқ.

Айта кетейік, Усман Нұрмағамедов – UFC ұйымының жеңіл салмақтағы бұрынғы чемпионы, әйгілі Хабиб Нурмагомедовтің немере інісі.

Сондай-ақ оқыңыз