Астанаға 9 айда 52 мыңнан астам адам көшіп келген

Жарияланды
Business news бөлімінің аға журналисі
фото: Astana TV

Қаңтар-қыркүйек аралығында Астана өңіраралық көші-қонның негізгі тартылыс орталығы болды. Елордаға басқа өңірлерден келгендер саны кеткендерден 52 029 адамға артық. Ал Түркістан облысында кері көрініс: көшіп кеткендер келгендерден 32 142 адамға көп.

Оң көші-қон айырымы бойынша Алматы қаласы екінші орында – 29 019 адам. Шымкентте бұл көрсеткіш 11 128 адамға жетті. Осылайша, үш мегаполистегі жиынтық оң айырма 92 176 адамды құрады.

Облыстар арасында оң көрсеткіш тек Алматы және Ақмола облыстарында тіркелген: тиісінше 8 307 және 5 500 адам. Қалған 15 өңірде кеткендер саны келгендерден асып түскен.

Өңіраралық көші-қон айырымы

Қаңтар–қыркүйек · адам

Оң айырма Теріс айырма
Қаңтар–қыркүйек айларындағы өңіраралық көші-қон айырымы 60 000 40 000 20 000 0 −20 000 −40 000 Абай: −7 097 адам Ақтөбе: −3 585 адам Атырау: −4 147 адам Батыс Қазақстан: −3 903 адам Жамбыл: −15 470 адам Жетісу: −9 441 адам Қарағанды: −2 285 адам Қостанай: −2 905 адам Қызылорда: −9 445 адам Маңғыстау: −2 828 адам Павлодар: −4 016 адам Солтүстік Қазақстан: −2 641 адам Түркістан: −32 142 адам Ұлытау: −3 012 адам Шығыс Қазақстан: −3 066 адам Ақмола: 5 500 адам Алматы облысы: 8 307 адам Астана қаласы: 52 029 адам Алматы қаласы: 29 019 адам Шымкент қаласы: 11 128 адам −7 097 5 500 −3 585 8 307 −4 147 −3 903 −15 470 −9 441 −2 285 −2 905 −9 445 −2 828 −4 016 −2 641 −32 142 −3 012 −3 066 52 029 29 019 11 128 Абай Ақмола Ақтөбе Алматы Атырау Батыс Қазақстан Жамбыл Жетісу Қарағанды Қостанай Қызылорда Маңғыстау Павлодар Солтүстік Қазақстан Түркістан Ұлытау Шығыс Қазақстан Астана қаласы Алматы қаласы Шымкент қаласы

Түркістаннан кейінгі ең үлкен теріс айырма Жамбыл облысында байқалды – 15 470 адам. Қызылорда мен Жетісу облыстарында да көрсеткіш елеулі: тиісінше −9 445 және −9 441 адам.

Деректер ел ішіндегі көші-қонның ірі қалаларға бағытталғанын көрсетеді. Әсіресе Астананың көрсеткіші айқын: елордадағы оң айырма Алматы қаласынан шамамен 1,8 есе жоғары.

Сондай-ақ оқыңыз