City Run: 15 қараша күні Алматыда бірнеше көше жабылады

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
фото: shutterstock

15 қарашада Алматыда City Run жүгіру жарысының өтуіне байланысты бірқатар көшеде көлік қозғалысы уақытша шектеледі. Кейбір жолдар таңғы сағат 04:00-ден бастап жабылады, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Жексенбі күні Алматыда жүгіру маусымын қорытындылайтын City Run жарысы өтеді. Биыл жарысқа әлемнің 20-дан астам елінен 2 500 жүгіруші қатысады деп жоспарланған.

Жарыс «Астана» алаңынан басталады. Осыған байланысты 15 қараша күні сағат 04:00-ден 12:00-ге дейін Төле би көшесінің Назарбаев даңғылынан Абылай хан даңғылына дейінгі бөлігінде екі бағыттағы көлік қозғалысы толық тоқтатылады.

Қай көшелер жабылады?

Жарыс өтетін күні төмендегі жол учаскелерінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі:

  • 08:00–10:00 – Төле би көшесі, Абылай хан даңғылынан Наурызбай батыр көшесіне дейін;
  • 08:00–10:00 – Наурызбай батыр көшесі, Төле би көшесінен Құрманғазы көшесіне дейін;
  • 08:00–09:35 – Бөгенбай батыр көшесі, Наурызбай батыр көшесінен Назарбаев даңғылына дейін;
  • 08:00–09:15 – Қабанбай батыр көшесі, Наурызбай батыр көшесінен Назарбаев даңғылына дейін;
  • 08:00–08:55 – Шевченко көшесі, Наурызбай батыр көшесінен Назарбаев даңғылына дейін;
  • 08:00–08:35 – Құрманғазы көшесі, Наурызбай батыр көшесінен Назарбаев даңғылына дейін.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, спортшылар өтіп кеткен жол учаскелері біртіндеп көлік қозғалысына қайта ашылады. Жалпы, жарыс маршруты бойындағы шектеулер негізінен сағат 08:00-ден 10:00-ге дейін жалғасады. Ал «Астана» алаңы маңындағы Төле би көшесінің бір бөлігі түске дейін жабық болады.

фото: Алматы әкімдігі

Осыған байланысты жүргізушілерге жол жүру бағытын алдын ала жоспарлап, уақытша шектеулерді ескеру ұсынылады.

Сондай-ақ оқыңыз