Nvidia дауы: Дженсен Хуангты Конгресске шақырды, көңілдесі Элис Хуанг Қытайда

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
фото: CNN

Дженсен Хуангтың көңілдесі болған Элис Хуанг Қытай астанасы Бейжіңде тұрып жатыр. Оның қайда жүргенін Қытай қауіпсіздік қызметі біледі деп жазады Bloomberg дереккөздеріне сілтеме жасап.

Ал Тайвань билігі ұлттық қауіпсіздік мәселесіне байланысты Элис Хуангтың аралға кіру рұқсатын жойғанын мәлімдеді. Тайвань көші-қон агенттігінің мәліметінше, Элис Хуанг бұған дейін аралға сегіз рет Гонконг паспортымен кірген.

Дженсен Хуангты Конгреске шақырды

Бұл уақытта Республикалық партия өкілдері Дженсен Хуангты 18 қарашада жабық кездесуге шақырды. Ұсынысты Брайан Маст, Джон Муленаар және Рик Кроуфорд айтқан.

Конгресс мүшелері Дженсен Хуангтан Элис Хуангпен қарым-қатынасы туралы түсініктеме алғысы келеді. Джон Муленаардың айтуынша, егер Дженсен Хуанг кездесуге келіспесе немесе басқа күн ұсынбаса, оны мәжбүрлеп шақыру үшін ресми талап жіберілуі мүмкін.

АҚШ конгрессмендерін алаңдатып отырған басты мәселе – елдің құпия технологиялары мен маңызды ақпарат қауіпке ұшырады ма деген сұрақ. Бұған қоса кейбір саясаткерлер Nvidia басшысының қызметінен кетуін талап етіп жатыр.

Оқи отырыңыз:

Сондай-ақ оқыңыз