«Дұрыс па, жоқ па»: министр NVIDIA-мен бірлескен жоба жайлы айтты

Жарияланды
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек/ Серікжан Қобланбаев

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек орталық коммуникациялар қызметінде NVIDIA басшысына қатысты пікірін айтып, бірлескен жоба жайлы жеткізді, деп хабарлайды Kursiv.Мedia.

Биыл жасанды интеллект бағытындағы білім беру мен зерттеу жұмыстарын біріктіретін арнайы университет ашылған.

Министрдің айтуынша, биылдан бастап университет оқытушылары мен профессорлары жасанды интеллект бойынша арнайы курстардан өтеді. 

«62 мыңнан астам қызметкерге тегін ChatGPT Education лицензиясы тегін беріледі. Қазір NVIDIA, Huawei, Google және Lenovo сияқты ірі технологиялық компаниялармен бірлескен жобалар басталған. Дженсен Хуанг осыған дейін өз бағасын берді. Соңғы жаңалықтардан кейін дұрыс па, дұрыс емес пе? NVIDIA-мен физикалық жасанды интеллект бойынша лабораторияларды ашамыз», – деді Саясат Нұрбек. 

Спикердің сөзінше, жасанды интеллектке қатысты білім беру бағдарламалары мен зерттеу жобалары бір орталыққа біріктіріледі.

Еске салсақ, Қазақстанға жасаған сапары аясында Дженсен Хуанг Qazaq AI Research University (QAIRU) университетінің қызметімен және оның жасанды интеллект саласында мамандар даярлау жөніндегі бастамаларымен танысқан еді.

Тағы да оқыңыз: Nvidia басшысы Дженсен Хуангтың тағы бір көңілдесі бар болып шықты

Сондай-ақ оқыңыз