«Болашақ» стипендиясын арттыру мәселесі әлі шешілген жоқ – Саясат Нұрбек

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Болашақ
«Болашақ» стипендиясын арттыру мәселесі әлі шешілген жоқ / коллаж kursiv.media

Қазақстанда «Болашақ» бағдарламасы бойынша стипендия мөлшерін көтеру туралы нақты шешім әлі қабылданған жоқ. Бұл туралы ОКҚ-де өткен брифингте Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді, деп хабарлайды Kursiv Media.

Министрлік төлем мөлшеріне қатысты тиісті зерттеулер мен есептеулер жүргізген. Енді бұл мәселе жыл соңына дейін республикалық комиссияның қарауына ұсынылмақ.

Министр стипендияның нақты қанша пайызға өсетінін ашып айтпады. Қазіргі таңда есептеулердің бірнеше нұсқасы қарастырылып жатыр. Болашақта төлем тағайындау кезінде өңірлік коэффициенттерге негізделген сараланған (дифференциалды) тәсіл қолданылуы мүмкін.

«Әр елдегі тұтыну себеті әртүрлі деңгейде өсіп жатыр: Еуропада бір бөлек, АҚШ пен Канадада басқаша. Қазір бізде ортақ тәсіл қолданылады. Алдағы уақытта өңірлік коэффициенттер негізінде сараланған тәсілге көшуіміз әбден мүмкін», – деді Саясат Нұрбек.

Айта кетейік, осыған дейін енді қазақстандық білім алушылар «Болашақ» стипендиясымен Бостон университетіне түсе алатынын жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз