Трамп Дженсен Хуангтың орнына Тим Кукті Nvidia басшысы етіп тағайындауды ұсынды

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Трамп Дженсен Хуангтың орнына Тим Кукті Nvidia басшысы етіп тағайындауды ұсынды / Фото: Getty Images

АҚШ президенті Дональд Трамп Дженсен Хуанг отставкаға кеткеннен кейін Nvidia компаниясының басшысы қызметіне Apple-дің бұрынғы бас директоры Тим Кукті тағайындауды ұсынды, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Трамп Truth Social желісіндегі парақшасында Хуангтың жұмысына жоғары баға беріп, оның орнын баса алатын жалғыз адам Тим Кук екенін атап өтті.

«Бір аңызды екінші аңыз алмастырады!» – деп жазды АҚШ президенті.

Алайда Трамптың бұл мәлімдемесі ресми тағайындау болып саналмайды – Nvidia әзірге тұрақты басшының есімін жариялаған жоқ. Айта кетейік, 2011 жылдан бері Apple-ді басқарған Тим Кук 2026 жылдың 1 қыркүйегінде бас директорлықтан кетіп (орнына Джон Тернус келді), директорлар кеңесінің атқарушы төрағасы лауазымына ауысқан болатын.

Reuters мәліметінше, сарапшылар мен инвесторлар Хуангтың орнына негізгі ішкі үміткерлер ретінде қазіргі уақытша басшы әрі қаржы директоры Колетт Кресс пен ЖИ-өнімдер бағытының жетекшісі Иэн Бакты қарастыруда. Ал сыртқы кандидаттар қатарында бұрын Nvidia-да жұмыс істеген Arm компаниясының басшысы Рене Хаастың есімі аталуда.

Айта кетейік, бұған дейін Дженсен Хуанг президент, бас директор және директорлар кеңесінің мүшесі қызметінен отставкаға кеткені туралы жазған едік.

Қазан айының соңында Хуангтың Элис есімді әйелмен жақын қарым-қатынасы бары туралы ақпарат шыққан еді. Ол Nvidia чиптерін ірі көлемде сатып алатын сингапурлық Megaspeed компаниясымен байланысты. 

АҚШ арнайы қызметтері Элисті Қытайға ақпарат берді деген күдікпен тексеріп жатқаны хабарланған.

Бұған дейін Дженсен Хуанг қызметкерлеріне жазған хатында әйеліне опасыздық жасағанын мойындаған. 

Сондай-ақ оқыңыз