Вашингтон орталығындағы атыстан бір адам қаза тауып, төртеуі жараланды

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
США включили трех казахстанцев в перечень самых опасных преступников
Вашингтон орталығындағы атыстан бір адам қаза тауып, төртеуі жараланды / Фото: Shutterstock

12 қараша күні таңертең Вашингтон орталығындағы Ақ үйден шамамен бір жарым шақырым жерде орналасқан Логан-Серкл ауданында атыс болып, бір адам қаза тапты, тағы төртеуі жарақат алды, деп хабарлайды Kursiv.Media.

BBC хабарлауынша, оқиға жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 8:30 шамасында басталған. Алдымен қарулы ер адам Vida Fitness фитнес-орталығында оқ жаудырып, бір адамды мерт қылған. Кейін көшеге шығып, көпдеңгейлі автотұрақ жаққа қарай бейберекет оқ атқан.

Шабуылдаушы пәтерге тығылып, берілуден бас тартқан және полициямен атысқан. Бір сағатқа созылған келіссөздерден нәтиже шықпай, тәртіп сақшылары пәтерге басып кіргенде күдіктінің өзіне оқ атқанын анықтады. Оның мұндай әрекетке не себепті барғаны әзірге белгісіз.

Оқиға орнына ФБР, АҚШ федералды маршалдар қызметі мен полиция күштері жұмылдырылып, аудан қоршауға алынды. Қауіпсіздік мақсатында дәл сол сәтте Ақ үйден Эндрюс әскери базасына бет алған АҚШ-тың бірінші ханымы Мелания Трамптың кортежі кері қайтарылған.

Сондай-ақ оқыңыз