Атырауда ер адам үш жасар қызын мәйіттің жанында қалдырған: оқиғаның мән-жайы

Атырауда 37 жастағы Ерсінбек Жұмағалиев азаматтық некедегі әйелі Алмагүл Шымырованы 28 рет пышақтаған. Қазір қылмыстық істі судья Зарема Хамидуллина қарап жатыр.
Оқиға 2026 жылдың шілдесінде болған. КТК телеарнасының хабарлауынша, ер адамның әйелді пышақтағанын екеуінің 3 жастағы қызы көрген. Ер адам қызын қансырап жатқан әйелінің жанында тастап кеткен. Бүлдіршіннің сол жерде бір тәуліктен аса уақыт отырғаны айтылды.
Сотталушы бұрын-соңды әйелі екеуінің арасында ақша, алимент, несиге қатысты ұрыс болғанын айтып, болған жайтқа марқұм әйелдің өзін кінәлап отыр. Сөзінше, әйел пышақ ала жүгірген, сол кезде қорғану үшін осындай әрекетке барған. Алайда 3 жастағы қызды сол жерде не себепті қалдырып кеткенін түсіндіре алмады.
Судья Хамидуллина сотталушыға «Әйеліңіздің көзі ашық қалғанын көріп тұрсыз. Көзі ашық қалу оның кейіннен қайтыс болғанын көрсетеді» деді.
Ал марқұмның анасы күйеу баласын өмір бойына соттауды сұрап отыр.
Айта кетейік, марқұм Алмагүл Шымырова – 4 баланың анасы. Ол сотталушы Ерсінбек Жұмағалиевпен алты жыл азаматтық некеде болған. Сот процесі жалғасып жатыр.
Бұған дейін Атырауда судья Замера Хамидуллина мектеп оқушысын 15 жылға бас бостандығынан айырды.