Бір ай өтсе де сәбилі келіншекті қағып кеткен жүргізуші табылмады

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
Алексей Великов, Қызылорда жол апаты
фото: коллаж Kursiv Media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Осыдан тура бір ай бұрын Қызылордада ер адам сәбилі келіншекті қағып кеткен еді. Арада отыз күн өтсе де, полиция күдіктіні тапқан жоқ деп жазады Kursiv Media.

13 қазанда Қызылордада көлік рөлінде отырған ер адам жол жиегінде кетіп бара жатқан сәбилі келіншекті қағып кеткен. Бірақ кері бұрылмастан оқиға орнынан ізін суытады. Ал әлі бірге толмаған сәби қайтыс болып, 25 жастағы келіншек ауыр халде ауруханаға түсті. Дәрігерлердің сөзінше, өте қатты шок алған, бас сүйегі зақымдалған. Машина қаққан сол жақ тұсы, иығы, өкшесі сынған.

Қазір ол үйіне шыққан, туыстары денсаулығы ақырындап қалпына келіп жатқанын айтады.

Сол кезде Қызылорда полиция департаменті қылмыстық іс қозғағанын хабарлап, күдіктіге іздеу жариялаған еді. Арада бір ай өтсе де 25 жастағы Алексей Великовтың қайда кеткені белгісіз.

Жәбірленуші Наргиздің әпкесі Мөлдір Жаңбырбайдың сөзінше, ол шетелге кетіп қалған болуы да мүмкін. Облыстық полиция өкілдері іздеу жалғасып жатқанын ғана айтты, өзге мәлімет берілген жоқ.

Оқи отырыңыз: Сәбилі келіншекті қағып кеткен күдікті туралы ақпарат үшін сыйақы тағайындалды

Сондай-ақ оқыңыз