Қарағанды облысында екі ай бұрын жоғалған әйелдің мәйіті табылды

Жарияланды
Екі ай бұрын жоғалған әйел өлі табылды/ kursiv.media архиві

Теміртау қаласынан 22 шақырым жерден бұған дейін хабар-ошарсыз кеткен 38 жастағы қала тұрғынының мәйіті табылды. Оның денесінде зорлық-зомбылық белгілері анықталған, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Қыркүйек айында Ирина Керннің жақындары оның үйден, шығып із-түзсіз жоғалып кеткенін хабарлаған.

Полиция қызметкерлері қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 40 жастағы ер адамды ұстады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған дерек бойынша адам өлтіру бабымен қылмыстық іс қозғалды. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Тергеу барысы Қарағанды облысы полиция департаменті басшылығының жеке бақылауында.

Оқи отырыңыз: ШҚО-да өртенген үйден бір әйел мен екі баланың денесі табылды

Тараздағы каналдан жаңа туған шақалақтың денесі табылды

Сондай-ақ оқыңыз