Дариға мен Айшолпанның видеосы көпшілікті сүйсінтті

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
фото: инстаграм парақшадан

Актриса Дариға Бадықова мен блогер Айшолпан Байтүгел бірге видео түсіріп, бірнеше тәулік ішінде миллионнан аса қаралым жинады деп жазады Kursiv Media.

Екеуінің коллаборациясы көпшіліктің көңілінен шыққан тәрізді. Оқырмандары «супер образ», «екеуі бір кинода ойнаса жарайын деп тұр» деген тәрізді пікірлер қалдырған.

Бұған дейін Дариға Бадықова мен Айшолпан Байтүгел «Келінжан» сериалында ойнаған еді, бірақ блогерге екінші пландағы рөл бұйырған. Кейінірек Айшолпан «Қолыңнан келсе, алып қаш», «Маңғышлақ экспресс: Пойыздағы паника», «Майор мырза» тәрізді комедиялық фильмдерге түскен. Сол кезде көрермендер блогердің типажын, актрисалық мәнерін Дариға Бадықоваға жиі ұқсататын.

Айта кетейік, жақында Дариға Бадықованың «Соңыра» фильмі жарыққа шығады. Көпшілігі оның танымал блогермен коллаборациясын тұсаукесер қарсаңындағы маркетингтің бір бөлігі деп қабылдады.

Оқи отырыңыз: «Махаббат бізге оңай келген жоқ»: Дариға Бадықова жеке өміріне қатысты сырын бөлісті

Сондай-ақ оқыңыз