Саяси сахнадан кеткен Мәулен Әшімбаев қайда жүр

Бұрын Сенат төрағасы болған Мәулен Әшімбаев соңғы бірнеше айда саяси сахнада көрінбей кеткен еді. Бірақ күні кеше QogamNews журналистері оны Астанадағы театрдан көріп қалып, қайда жүргенін сұрады.
Сенат спикері Sham театрының қойылымында болды. Спектакль соңында актерлермен кездесіп, шығармашылықтарына табыс тіледі. Тілшілер экс-төрағаның қандай қызметте жүргенін де сұрады.
«Мен енді халықтың ішіндемін. Өздеріңіз көріп жатырсыздар, күнде шараларға қатысып жатырмыз. Шетелге де барып, сол жақта шаралар өткізіп жатырмыз. Әрі қарай да елімізге, халқымызға қызмет етеміз деп сенемін», – деп қысқа қайырды Мәулен Әшімбаев жауабында.
Еске салайық, 2020-2026 жылдар аралығында Мәулен Әшімбаев Парламент Сенатының төрағасы болған. Бірақ елде жаңа Конституция қабылданып, Құрылтай жасақталған соң ол лауазымынан босады. Құрылтай төрағасы ретінде бұрын Президент әкімшілігінде болған Айбек Дәдебай сайланды. Ал бірнеше жыл билікте екінші адам болған Әшімбаев депутаттар тізіміне де енбеді.
Биыл күзде оның Ақордадан жырақтап, 2027 жылғы Адамзат бауырластығы үшін берілетін Зайд сыйлығының қазылар алқасы құрамына енгені белгілі болды.