Хабар арнасы жаңа шоуын жүргізуге танымал блогерді шақырды

23 қарашадан бастап «Хабар» телеарнасынан «Ой тұмар» атты жаңа ток-шоу көрерменге жол тартады. Бағдарламаны жүргізуге арна басшылығы танымал тұлғаларды шақырған.
Ток-шоудың бес жүргізушісі бар. Олар: тележүргізуші Жайна Сламбек, Мөлдір Досбай, Ләйлә Сұлтанқызы және соңғы күндері блогер ретінде танылып жүрген директор Ақмоншақ Нұртаза мен тағы бір блогер Лаура Лесбек. Соңғысы – қазақстандық танымал блогер, мотивациялық фильмдер мен LAULA Podcast жобасының авторы, сондай-ақ SMM маманы және коуч.
Бағдарламада адамдардың өмірінде болған оқиғалар арқылы отбасы, бала тәрбиесі, адамдар арасындағы қарым-қатынас және қоғамдағы өзгерістер талқыланады. Жоба кейіпкерлері өз бастарынан өткен оқиғаларды ортаға салып, өмірлік тәжірибесін бөліседі.
Әр жүргізуші тәжірибесі мен көзқарасына сүйене отырып, кейіпкерлердің оқиғасын талқылайды. «Ой тұмар» ток-шоуы 23 қарашадан бастап дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 13:10-да «Хабар» телеарнасынан көрсетіледі.
Оқи отырыңыз: Дариға мен Айшолпанның видеосы көпшілікті сүйсінтті