Мирра Андреева WTA қорытынды турнирінің жеңімпазы атанды

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Мирра Андреева c главным трофеем Итогового турнира года WTA
Фото: WTA

Ресейлік теннисші Мирра Андреева Индиан-Уэллсте өткен WTA қорытынды турнирінің жеңімпазы атанды. 19 жастағы спортшы финалда украиналық Элина Свитолинаны екі сетте жеңді, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Шешуші кездесуде Андреева қарсыласын 7:5, 6:3 есебімен ұтты. Осылайша ол WTA қорытынды турнирінде топ жарған екінші ресейлік теннисші атанды. Бұған дейін мұндай жетістікке 2004 жылы Мария Шарапова жеткен.

Андреева турнир барысында Свитолина, Арина Соболенко және Диана Шнайдерді жеңіп, жартылай финалда америкалық Джессика Пегуладан басым түсті.

Финалға дейін ресейлік теннисші қарсыластарына небәрі 18 гейм беріп, топтық кезең енгізілгелі бергі турнир рекордын жаңартты.

Бұл жетістік Андрееваға 2026 жылды WTA әлемдік рейтингінде екінші орынмен аяқтауға мүмкіндік берді. Енді 19 жастағы теннисші 2027 жылы әлемнің бірінші ракеткасы атануға үміткерлердің бірі саналады.

Айта кетейік, әлемнің бірінші ракеткасы қазақстандық теннисші Елена Рыбакина денсаулығына байланысты бұл турнирге қатыспады.

Сондай-ақ оқыңыз