Қазақстандық теннисшілер жұптық сында екі халықаралық турнирде топ жарды

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Қазақстандық теннисшілер жұптық сында екі халықаралық турнирде топ жарды / Фото: ҚТФ

Қазақстандық теннисшілер Асылжан Арыстанбекова мен Жантөре Санжарұлы Түркия мен Өзбекстанда өткен халықаралық турнирлердің жұптық сынында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Қазақстан теннис федерациясы.

Асылжан Арыстанбекова Түркияның Анталья қаласында өткен Халықаралық теннис федерациясының (ITF) W15 санатындағы додасында үздік шықты. Ол украиналық Дарья Есипчукпен бірге өнер көрсетіп, финалда румыниялық Стефания Божица мен Анастасия Сафтаны 6:4, 6:3 есебімен тізе бүктірді.

Екінші алтын жүлдені 16 жастағы Жантөре Санжарұлы Өзбекстанның Әндіжан қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы ITF J30 турнирінде иеленді. 

Фото: ҚТФ

Жергілікті спортшы Никита Гафуровпен жұп құраған отандасымыз ақтық сында турнир фавориттері – өзбекстандық Сайдумар Саидакбаров пен Ахмаджон Тошмухамедовті 6:4, 6:3 есебімен жеңді. Бұл – Жантөренің жасөспірімдер деңгейіндегі алғашқы ірі титулы.

Сондай-ақ оқыңыз