«Елімай» футбол клубы жаңа бапкерін таныстырды

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Шотландец Питер Ливен подписал контракт с казахстанским «Елимаем»
фото: afc

Семейдің «Елімай» футбол клубы 43 жастағы шотландиялық маман Питер Левеннің команданың бас бапкері болып тағайындалғанын ресми түрде жариялады.

Глазго қаласында дүниеге келген Питер Левен – шотландиялық «Рейнджерс» клубы академиясының түлегі. Футболшы ретінде Шотландияның «Килмарнок», Англияның «Милтон-Кинс Донс» клубтары мен Шотландия жастар құрамасының сапында 300-ден астам матч өткізген.

Кейінгі жылдары Левен Шотландияның «Абердин» клубының бапкерлер штабында жұмыс істеді. 2025 жылы командамен бірге Шотландия кубогын жеңіп алды. Сондай-ақ бірнеше рет бас бапкердің міндетін уақытша атқарған.

Шотландиялық маман Ресейдің «Орынбор» және Беларусьтің «Динамо-Брест» клубтарында да еңбек еткен.

Беларусь клубымен бірге 2019 жылы ел чемпионы атанып, 2018 жылы ел кубогын, ал 2019 және 2020 жылдары Суперкубокты жеңіп алған. 2022 жылы «Орынбордың» Ресей премьер-лигасына жолдама алуына үлес қосқан.

«Елімайда» Питер Левен 26 қазанда отставкаға кеткен Андрей Карповичтің орнын басты.

Қазақстан премьер-лигасының соңғы турында семейлік команданы бас бапкердің міндетін уақытша атқарған Серібек Қаппаров бастап шыққан болатын. Алайда «Елімай» өз алаңында «Оқжетпестен» 1:4 есебімен жеңіліп, маусымды алтыншы орында аяқтады.

Осылайша семейлік клуб келесі маусымда еурокубоктерге қатысу мүмкіндігінен айырылды.

Сондай-ақ оқыңыз