Моңғолия президенті қызметінен кететінін мәлімдеді

Жарияланды
Моңғолия президенті Ухнаагийн Хүрэлсүх/ Ақорда

Моңғолия президенті Ухнаагийн Хүрэлсүх қызметінее кететінін мәлімдеді. Бұл туралы ол баспасөз мәслихатында айтты.

Ухнаагийн Хүрэлсүх демократиялық партия ұстанымын қолдайтынын айтты.

Моңғолия басшысының сөзінше, соңғы бір айда кейбір топтар президенттің беделі мен институтына нұқсан келтіріп, оның абыройына тиіскен. 

Президенттің айтуынша, ол осы уақытқа дейін жағдайды бақылап, үнсіз қалған. Алайда жауапты қызмет атқаратын адам ретінде мәлімдеме жасауға шешім қабылдаған.

«Заң алдында бәрі тең. Кеше демократиялық партия тобы Моңғолия президенті қызметінен кетіп, тергеу жүргізілуі керек деген ұстаным білдірді. Мен бұл пікірмен келісемін», – деді Ухнаагийн Хүрэлсүх.

Ол өзіне жала жапқандардың жауапкершілікке тартылатынын және өзінің абыройын қалпына келтіретінін айтты.

Еске салсақ, биылғы сәуірде Ухнаагийн Хурэлсүх Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген еді. 

Сондай-ақ оқыңыз