21 қарашадан бастап сабақтан жиі қалатын балалар арнайы есепке алынады

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
мектеп оқушылары, пән
фото: shutterstock

21 қарашадан бастап Қазақстанда балаларды есепке алу және мектептегі буллингтің алдын алу тәртібі өзгереді. Енді 18 жасқа дейінгі барлық бала туралы мәлімет бірыңғай электронды базаға жиналады. Бұл туралы Алматы қаласының Балалардың құқықтарын қорғау басқармасы хабарлады.

Жаңа базаға мектепте оқитын, балабақшаға баратын және еш жерде оқымайтын балалар туралы ақпарат енгізіледі. Сонымен қатар сабаққа себепсіз жиі келмейтін оқушылар да есепке алынады.

Мектептер сабақтан жиі қалатын балалар туралы мәліметті ай сайын полициямен бірге тексереді. Олардың тізімі әр айдың 10-ына дейін Ұлттық білім беру деректер базасына енгізіледі.

Мектептегі буллингке қатысты да талап күшейеді. Егер біреудің баланы қорлап немесе жәбірлеп жүргені туралы ақпарат түссе, білім басқармасы оны бір жұмыс күні ішінде тіркеуі керек.

Бұдан бөлек мектептер оқушыларға психологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыруға міндетті болады.

Оқи отырыңыз:

Сондай-ақ оқыңыз