Мұнай-газ саласына қажет өнім шығаратын 15 өндіріс орны құрылмақ

Мұнай-газ саласына қажет өнім шығаратын 15 өндіріс орны құрылмақ. Бұл туралы үкімет отырысында Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді.
Бұл жобалардың жалпы құны 37,7 млрд теңгені құрайды. Министрлік жоспары бойынша, кәсіпорындар мұнай-газ саласындағы сұранысқа ие түпнұсқа өімдерді шығарады. Осындай тауарлардың 160 түрі анықталған.
«Аталған жобаларды іске асыру жаңа жұмыс орындарын құруды, сондай-ақ ел ішінде қосылған құны жоғары тауарларды өндіру және оларды шығару бойынша құзыреттілікті сатып алуды қамтамасыз етеді, – деді министр.
Жалпы мұнай-газ саласындағы компаниялар 9 айда 3,6 трл теңгегені өнімі мен қызметін сатып алса, соның 55 пайызын отандық компаниялар қамтамасыз еткен.
2026 жылдың басынан бері жер қойнауын пайдаланушылар 79,7 млрд теңге сомасына 75 ұзақ мерзімді шарт және 668,9 млн теңге сомасына 42 офтейк-келісімшарт жасасты.