Джон ван’т Схип Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметінен кетеді

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Джон ван’т Схип / фото: КФФ

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Джон ван’т Схип қызметінен кетеді. Қазақстан футбол федерациясы нидерландылық маманмен келісімшартты ұзартпау туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Скотт Манн журналистермен кездесуде айтты.

«Бапкердің келісімшарты осы аптаның соңында аяқталады. Біз оны ұзартпаймыз», – деді Скотт Манн.

Осылайша нидерландылық маман Қазақстан ұлттық құрамасындағы қызметін бірде-бір жеңіске қол жеткізбей аяқтайды.

Джон ван ’т Схиптің жетекшілігімен Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар лигасының С дивизионында өнер көрсетті. Алайда ұлттық құрама топтық кезеңде сәтсіз өнер көрсетіп, турнирлік кестеде соңғы орынға тұрақтады.

Әзірге Қазақстан футбол федерациясы ұлттық құраманың жаңа бас бапкері кім болатынын жариялаған жоқ.

Сондай-ақ оқыңыз