Өскеменде қоғамдық монша өртенді
Жарияланды

Өскемен қаласындағы Халықтар достығы көшесінде орналасқан қоғамдық моншадан өрт шықты. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.
Оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ бөлімшелері 250 шаршы метр аумақты шарпыған қызыл жалынды ауыздықтады.
«Құтқарушылардың үйлесімді іс-қимылының арқасында оттың ғимараттың бүкіл аумағына таралуына жол берілмеді», – деп мәлімдеді ТЖМ баспасөз қызметі.
Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Айта кетейік, осыған дейін 13 қарашада сағат 10:28-де Ақтөбе қаласындағы Тәуелсіздік даңғылында орналасқан дәмханада газ-ауа қоспасы жарылған еді.